Жігітердің жар таңдауы....
Жігітердің жар таңдауы....

Кейде ойланып, толғанам! Біздің жұбымыз кім екен? Құранда айтылады барлық нәрсе жұп-жұп болып жаралған деп, яғни біз үшін бір жанұяда қыз бағып отыр-ау. Қоғамда үйленген жарасымды жұптарды қарап отырсақ, келбетінен бөлек мінезіде көбірек ұқсайды екен. Өйткені, біз өзіміз мінезіміз қандай, жұбымыз дәл сондай мінезді болады екен. Құранда Нұр сүресінде "Зинақорға мен зинақор қосылады" деген. Қанша арпалысып иманды қыз іздесек те,құдай бұйырғанын аласың. Ал, сен өзің мінезің қисық немесе күнәхар бола тұра иманды қыз табамын десең, бұл жас баланың сандырағы. Ол иманды қыздың да жүрегіндегі дұғасы да жақсы жігітке тап болу. Бұл жағдайда иманды қызды зинақорға Алла жолықтырмас. Қазақта жақсы сөз бар: Жақсы әйел табуды уайымдағанша, жақсы әке болуға тырыс дейді. Осыдан шығатын нәтиже, өз-өзіңе еңбек сіңіріп көркем мінездікке ұмтыл,бұйырса сондай көркем мінезді қызға тап боларсың.

Иманды жұпты қарап тұрсаң жүрегің елжірейді, ай шіркін-ай осылай менде жүрсем ғой. Өмірде ең керемет алатын сыйымыз бұл иманды әйел екен. Тәрбиелі қыз өзінен ақ көрініп тұрады,ең алдымен мінезінде ұятымен әдемі. Көзіне тіке қарасаң, ұялып көзі қашқақтаған. Сөйлегенде сіз деп кішіпейілдікті білдіріп,тәлім-тәрбиесі білінеді. Пайғамбарымыз айтқандай: "Сыйластықтан асқан махаббат жоқ" деген сөзіде осыдан шығады. Ертелі кеш үйленгенде махаббатың сыйластыққа айналады. Сонда ағайын алдында абыройлы, балаларыңның алдында шынымен асқар таулы әке боларсың. Көңіліңе демеу және иманыңа демеу жарды нәсіп ерсін Алла. Сүйіктіңтің маңдайынан сүйіп мен саған разымын деп тыныш ұйықтағанға не жетсін?!

 

тәрбие, махаббат, жар таңдау, Жігіт, Иманды әйел, Иманды жар, Иманды қыз, Қалай жар таңдаймын, екі Жұп, Сезім, Ұятты қыз
Райымбек ЖайылхановРайымбек Жайылханов
9 жыл бұрын 6045
4 пікір
Блог туралы