Байлықтағы тақуалық....
Байлықтағы тақуалық....

      Негізі кей қазақтардың әңгімесін байқап отырсаңыз,байлықты дінге қосуға болмайтын сияқты болып көрінеді. Нақтырақ айтқанда,мынадай ойлар:ақша адамды өзгертеді, дүние жинасаң пайда жоқ, көзің көр болады,уақыт өте көрерміз, қанағатшыл кедей болайын оданда, өмірде ақша бастысы емес. Сонда дінде байларды жақтамағаныма? Сахабалардың арасында да тақуа байлар болды емеспе?! Кәзіргі таңда діннің байлыққа қатысты қағидаларын түсінбейтін сияқты адамдар. Жақсы,түсінікті,егер кедей болсақ та бұйырса жұмаққа барармыз,жүректе қанағатшыл және тақуалық танытып. Бірақ байлар қанағатшыл және тақуа болмайды деп кім айтты?! Алла Тағала айтады: "Мен байлықты қанағатқа жасырдым,бірақ адамдар оны дүния жинаудан іздейді". Яғни,бұл сөйлемнен қарасақ байлық жүректегі қанағатшылдақтан басталады. Абай атамыз айтқандай,балаға ең бірінші иманды үйрет,кейін мал табуды үйрет деген. Ойланып көрсең имансыз және қанағатсыз тапқан байлықтан адам тозатыны белгілі,өйткені иман кірмеген жүрек қайдан адалынан тапсын,Алладан қорықпаған адам біреудің дүниясына да қол сұғады. Қайдан зекет берсін,табысын нәпсіге шашар,арақ-шарап қызық қуу,көзі көр болу осыдан басталады. Солай халықта адамды байлық адамды көзін көр қылады деген. Ал,егер иманды бекітіп еңбек етсе,оның  жағдайын түсіндіріп те керек емес сияқты. Адал кәсіпппен қоса,ата-анасына қамқорлық көрсетіп ,қанағат етіп "Аллаға шүкір" деп зекетін берсе,әлбетте байлығы артады. Өйткені,Алла Тағала айтады:"Шүкірлік етсеңдер - арттырамын,күпірлік етсеңдер - азабым тым қатты" делінген. 

             Жарайды енді,байлықтағы имандылық түсінікті! Ал,ол байлықты өшпестей сауапқа қалай айналдыруға болады екен? Кәзіргі таңда кедейлікпен салыстырғанда,бай болсаңыз қоғамға,туған жерге,туған еліңізге пайда тигізуіңізбен қоса ақыретке де алып кетесіз сауабын. Мысалы,қарапайым зекеттен бастап халыққа кішігірім емхана салып берсеңіз, мектеп, балабақша онымен тоқтамай кең мешіт салсаңыз бұл өмірмен қоса ақыретте де бақытты боласыз,Алла қаласа. Пайдаңыздың бір бөлігіне қайырымдылық қорын ашып,жетімдердің көңілін бүтіндемейсізба? Ең болмағанда құдық салып немесе мешітке Құран алып беріңіз! Сол кездегі алатын сауабыңызды елесте алмаймын. Алла Тағала айтады: 3 адамның сауабы қайтыс болғаннан кейін де келіп тұрады,олар салихалы ұл қалдырған,артына халық пайдалансын деп мұра қалдырған(мешіт,мектеп,құдық т.с.с.),артына білім қалдырған!

         Байлықты қалай пайдалану керегін түсіндік! Енді кішкене тәуекел туралы сөз қозғағым келіп тұр. Алла сөзсіз тәуекел етушілерді жақсы көреді. Енді,сол тәуекелді қалай түсінеміз? Тәуекел - деген Алла Тағалаға іштей арқа сүйеу болып табылады. Көздеген мақсатқа жетудің негізгі жолы. Шынайы тәуекел  еткендер күмән,қиыншылық,қорқақтық дегенді мүлдем сезбейді. Кәзіргі қоғамда жастардың сұрақ-жауап әңгімесінен естігенім бар: Неге байлыққа ұмтылып мешіт,мектеп салып,ата-анаңды қымбат қымбат сыйлық алып бермейсіңба?- деген сауал қозғап едік. Жауабына көбінесе: Алла қаласа бәрі уақытымен боладығо,Уақыт көрсетер,оқу бітіргесін көрерміз,әлі мен жаспын,ондай салу қолымнан келмейді. Ия,түсінікті,бәрі Алла қалауымен болады,бірақ бір жағынан қарасаң бұл жалқаудың әңгімесіне де ұқсайды. Себебі,бір істі мақсаттап себебін жасамасаң,қандай саған жетістік? Уақыт көрсетер деген,ертең жасаймын деген жалқаудың әңгімесі емеспа?! Себепсіз саған жетістік жоқ! Үйде жатып:"Ей,Алла маған бала бер" десең Алла баланы бере салмайдығо? Яғни,ол үшін үйлену керек,нақтырақ айтқанда себебін жасау керек! Абай атамыз айтқандай, бірінші Аллаға сүйеніп,кейін қайратына сүйеніп,еңбек етсең бос қалмайсың қара жер де береді деген сөзінен белгілі. Әлі жаспын дейтіндерге айтарым,шайтанның айласының бірі екенін ұмытпаңыздар,уақытыңның көптігімен елес қылады алдыңнан. Өміріңнің қалай соңы болғанын байқамай қаларсың. Жастық шағын өтпей жатып қызуын пайдаланып қал,өмірің  өтпей тұрып қадірін түсініп қал. Жас кезінде еккен еңбегіңді есейгенде әлбетте емерсің! Көрсетер уақыт кімді-кім екенін,кім зая кетіргенін,кім қадірлегенін! Қолымнан келмейді деушілерге айтарым, адам баласы әуел бастап әлсіз болып жаралды. Шын тәуекел етсең жүрекпен,әлсіздіктің шаңы да жоламайды саған. Сол Қазағым,Саған жаным ашығаны!

Райымбек ЖайылхановРайымбек Жайылханов
9 жыл бұрын 5397
0 пікір
Блог туралы