Музыканың әсері....
Музыканың әсері....

        Ислам әлемінде музыканы тыңдауға болады (халал) деген және тыңдауға болмайды  (харам) деген ұстаным бар. Ал,осы музыканың адамға әсерін қарайықшы енді. Мысалы, егер аянышты,қайғылы өлең тыңдасақ көңілімізге қаяу түседі,қуанышты,позитивті өлең тыңдасақ көңіл күйді біраз көтеріліп қалғанын байқаймыз. Демек,өлеңнің адамның жанына әсері бар деген сөз. Адамдардың жиі тыңдап жүрген өлеңіне қарап оның мінезінің бір бөлігі көруге болады екен. Рок тыңдап,жын қағып билейтін адамдардың киіміненде белгілі болады рок тыңдайтыны. Басына мұң түсіп,махаббаттан шалдыққан адамды білесіз,соған сай өлең тындайтынын. Осыдан шығатын қорытынды:егер музыка адамның жанына әсер ете алатын болса,онда оның шешім қабылдауына,мінезінінң өзгеруіне және жалпы өміріне әсері бар деген сөз. Мысалға алатын болсақ,көлікте кетіп бара жатқан адамға рок немесе сол сияқты тарсылдақ өлең қоссаңыз көліктің жылдамдығын арттырып апатқа түсуі ықтимал,немесе көңілі түсіп,шаршаған адамды бір мағыналы өлең көңіл күйін жақсартуы мүмкін.

          Абай атамыз айтқандай:"Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар, Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің әсері бар»" деген. Ендеше өзіңнің тындаған әніңе қара,есірген бе? әлде,есті әнбе? Есірген адамдарды қарасаңыз,сол өлеңге де есіріп билеп,бар уақытын клубта өткізіп,онымен қоса күнәға да барып жатады. Үйінде тыңдап билеген есірген өлеңді,сол есіргендей жерге де барғысы келеді. Кейбір адамдарды көресіз,шаршағанда түнгі клубқа барып демалып сергіп қайтамын дейді,ол сол жердегі есірген әндерді өзіне сіңдіріп алғанын байқамайда барады. Есірген өлең оның әдетіне айналып,әдет мінезі айналады. Ал, мағыналы,естігу лайықты адамдар сөзсіз-ақ әсерлі адамдар болады,өйткені олардың тыңдаған әндері де,әсерлі және бос сөзсіз. Мағыналы өлеңмен қоса олар уақытында тиімді пайдаланып жатыр. Қазақтың тарихын қарасаңыз,талай өзекті мәселерді,тартыс-таластарды бір шумақ мағыналы әнмен ой салған. Талай зиялы қазақтарымыз әсерлі ән қалдырған,талай жүректі жаңғыртқан,осылардан үлгі алайық.

          Дегенмен,қорыта айта кетсек, құлақтан кіріп бойды алатын әндерімізді жақсылап фильтрден өткізейік,ол ертенгі мінезіңнің бір бөлігі екенін ұмытпайық ағайын!

                

 

Райымбек ЖайылхановРайымбек Жайылханов
9 лет назад 11589
2 комментария
  • Өте жақсы жазылған, қазіргі кезге қажетті тақырып! Аллаһ разы болсын!
    Бірақ, мағынасымен қатар грамматикасына да жіті көңіл бөлінсе...
    9 лет назад
О блоге